$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда автокөлік дәмхананы қиратып өтті (ВИДЕО)

Тергеу жүріп жатыр.

Желіде Алматыда Toyota Camry көлігі дәмхананың жазғы алаңын қиратып өткені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан дәмхананың жазғы алаңын ақ түсті көлік келіп қиратып өткенін, мекеме қонақтары қашып жүргенін көруге болады.

Полицияның мәліметінше, оқиға 24 мамыр күні кешкі уақытта болған. Сағат 20:00 шамасында Төле би көшесі мен Әуезов көшесінің қиылысында келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі солға бұрылу кезінде Төле би бойымен шығыс бағытта келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан.

"Volkswagen Polo жүргізушісі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен. Соқтығысу салдарынан Toyota көлігі қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимаратты соққан. Апат салдарынан бір адам жараланып, Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне түсті. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары