Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Антикорға сілтеме жасап.
«Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты Мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.