$ 494.87  520.65  4.91

«Ливерпуль»-«Реал»: Жеңіс кімге бұйырады?

Қазақстанда «Ливерпуль» – «Реал Мадрид» матчын тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін футболдан Чемпиондар Лигасы финалында ағылшындық «Ливерпуль» мен испаниялық «Реал-Мадрид» командалары бақ сынайды. Турнирдің шешуші матчы бүгін (Нұр-Сұлтан уақытымен 29 мамыр сағат 00:50-де) Париждегі «Стад-де-Франс» стадионында өтеді.

Қазақстанда «Ливерпуль» – «Реал Мадрид» матчын тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады. Финалға  Parimatch-тың коэффициенттері төмендегідей: «Ливерпуль» жеңісі – 2,05, тең ойын – 3,75, «Реал Мадридтің» жеңісі – 3,55 (негізгі уақытта). Матчтағы жеңіс: «Ливерпуль» – 1,58, «Реал Мадрид» – 2,48.

Тағы оқыңыз: Футбол: Чемпиондар Лигасының финалы 28 мамырда өтеді

Чемпиондар лигасының жартылай финалында  «Ливерпуль» испаниялық «Вильярреалды» екі матчтың қорытындысы бойынша 5:2 есебімен жеңді. «Реал»  ағылшындық «Манчестер Ситимен» болған жартылай финалдық кездесуде екі кездесудің қорытындысы бойынша 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

1/8 финалда «Реал» француздық «ПСЖ», ал ширек финалда ағылшындық «Челсиді» жеңген еді. «Манчестер Сити» 1/8 финалда португалиялық «Спортингтен», ал ширек финалда испандық «Атлетикодан» басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал» мен «Ливерпуль» 2018 жылы Чемпиондар Лигасының финалында кездескен болатын. Ол кезде 3:1 есебімен мадридтік команда жеңіс тұғырынан көрінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары