$ 494.87  520.65  4.91

Петропавл әуежайын тағы да сатуға қояды

Үшінші конкурсқа әуежай мүлкі бастапқы құны бойынша қойылады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Петропавл халықаралық әуежайы үшінші рет сауда-саттыққа шығарылады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үшінші конкурсқа әуежай мүлкі бастапқы құны бойынша қойылады.

"Екі байқау өтті. Ешкім сауда-саттыққа шыққан жоқ. Сондықтан біз бұрынғы 5,6 млрд теңге бағасын қайта қоямыз. Төмендетпейміз. Тағы бір байқау жариялануы мүмкін", - деді аймақ басшысы қалаға жасаған жұмыс сапары барысында.

Облыс әкімі әуежайды қамтамасыз етуге жыл сайын бюджеттен 200 миллион теңгеге дейін қаржы жұмсалатынын, бұл үлкен салмақ екенін атап өтті.

"Әуежай жұмыс істейді. Бірақ авиациялық қауіпсіздік қызметі ол жерде көп нәрсе істеу керек екенін айта береді. Үлкен ұшақтар кешкі уақытта ұшып кетуі үшін қазіргі заманғы мұнай базасы қажет, бұл тасымалдар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал ол инвестициялау арқылы орындалады. Онда көптеген мамандар жұмыс істеуі керек. Өкінішке орай, біз мұндай шығындарды әлі көтере алмаймыз. Бизнесті жүргізетін инвесторлар қажет. Рейстерді зерттеп, халықаралық авиакомпанияларға шығып, тасымалдаушылармен келісіп, ұшақтарға жанармай құю – бұл тұтас бір процесс. Әкімдік мұнымен айналыса алмайды", - деп түйіндеді Ақсақалов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары