$ 444.22  476.38  4.82

«Ливерпуль» — «Реал». Есеп - 0:1. Винисиус ойынның 59-шы минутында есеп ашты.

Бразилиялықтың соққысы корольдік команданың «Ливерпуль» қақпасына дәл көздеген алғашқы соққысы болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

28 мамырдан 29 мамырға қараған түні футболдан Чемпиондар лигасы 2021/2022 маусымының «Ливерпуль» және «Реал Мадрид» командалары арасында өтіп жатқан финалдық матч есебі ойынның 59-минутында ашылды, деп жазады Skifnews.kz.

Есеп екінші таймда ашылды. 59-минутта «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор гол соқты, оған Федерико Вальверде көмектесті. Айта кетейік, бразилиялықтың соққысы корольдік команданың «Ливерпуль» қақпасына дәл көздеген алғашқы соққысы болды.

Матчқа Клеман Тюрпен жетекшілік ететін француз төрешілер тобы қызмет көрсетуде. Тюрпенге көмек ретінде Николя Дано мен Сириль Гренгор бар. Резервтегі төреші – Бенуа Бастьен. Жером Бризар VAR жүйесін басқарады.

Еуропалық жарыстың шешуші матчы «Стад де Франс» стадионында (Сен-Дени, Франция) өтуде. 

Естеріңізге сала кетейік, «Реал» мен «Ливерпуль» 2018 жылы Чемпиондар Лигасының финалында кездескен болатын. Ол кезде 3:1 есебімен мадридтік команда жеңіс тұғырынан көрінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары