29.05.2022, 16:24

Жамбылда түлектер мінген кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды

Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады.

Жамбыл облысында түлектер мінген кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады.

Жамбыл облысының полициясы жағдайға қатысты түсінік берді. Бұл Тұрар Рысқұлов ауданындағы мектеп түлектерінің кортежі екені белгілі болды.

"Toyota Land Cruiser Prado, Audi 80, BMW 735, VAZ210540 және екі Toyota Самrу автокөліктерінің жүргізушілерін патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" бойынша әкімшілік жауапқа тартты", - деп хабарлады ПД өкілдері.