$ 444.22  476.38  4.82

Жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті

Ұшақты іздеу үшін тікұшақ жіберілді.

Непалда бортында 22 адамы бар ұшақ жоғалып кетті. Бұл туралы Kathmandu Post газеті жазды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Непал азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, ұшақ Покхара әуежайынан 9:55-те ұшып кеткен, ал байланыс 10:07-де жоғалған. Ұшақты іздеу үшін тікұшақ жіберілді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты операция әзірге тоқтап тұр. 

Экипаж құрамына үш адам кіреді. Жолаушылар арасында 16 Непал, төрт Үнді, екі неміс азаматы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұшақ #Непал