$ 446.49  475.38  4.79

Оралда гараж бен үш автокөлік жанып кетті

Бір адам қолын күйдіріп алған.

Орал қаласында гараж бен үш автокөлік түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 мамыр күні сағат 20:20-да Молдавская көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласында болды.

Техникалық қызмет көрсету стансасы есебінде қайта жабдықталған гараж бен онда тұрған үш автокөлік отқа оранды.

Өрт аумағы - 180 шаршы метр. Оқиға орнынан 50 литрлік үш оттегі баллоны шығарылды.

Тілсіз жау 21:19-да оқшауланып, 21:59-да ауыздықталды.

Өрт сөндірушілер (20 адам, 6 техника) жалынның тұрғын үйді шарпуына жол берген жоқ.

Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бір адам қолын күйдіріп алған. Ол ауруханаға барудан бас тартты.

Дереккөз:Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Орал #гараж