$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 54 мың жалған долларды айналымға шығарған қылмыстық топ сотталды

Жасанды банкноттарды елорданың валюта айырбастау пункттері, банкоматтар арқылы жеке есепшоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартқан.

Елордада жалған ақша жасаған бір топ адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Жасанды банкноттарды елорданың валюта айырбастау пункттері, банкоматтар арқылы жеке есепшоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартқан. Сот үкімімен азаматтар Жомарт, Чекиев, Иманбаев, Төлеутай шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп атап өтеді агенттіктің баспасөз қызметінен.

Осыған орай Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады.

«Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласыңыз. Жасанды банкнот екенін анықтау қылмыс болып табылмайды. Алайда жалған ақша белгілерін сату және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді агенттіктен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары