$ 443.37  474.49  4.83

«Бөлке нанға жасырған»: Шығыс Қазақстанда әйел түрмедегі күйеуіне телефон өткізбек болған

Мекеме қызметкерлері әйелдің көзінше нанды кесіп, ішінен тыйым салынған затты тапқан.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

ШҚО-да әйел тергеу изоляторында отырған күйеуіне бөлке нанға жасырып, телефон беріп жіберуге тырысқан,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

ШҚО ҚАЖ департаментінің ОВ-156/1 мекемесінің қызметкерлері бөлке наннан SIM-картасы бар ұялы телефон тапқан. Осылайша, әйел қамауға алынған күйеуімен байланыс орнатқысы келген. Мекеме қызметкерлері әйелдің көзінше нанды кесіп, ішінен тыйым салынған затты тапқан.

"Әйел ештеңені жоққа шығармады, тіпті оның салдарын да білген. Яғни, сәттілікке сеніп, тыйым салынған заттарды әдейі беруге тырысқан. Алайда мұндай әрекеттерді қызметкерлер дер кезінде анықтайды", - дейді тергеу изоляторының бастығы Қанат Жүсіпов.

Бұл фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша тиісті материал жиналып, сотқа жіберіліп, шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары