$ 494.87  520.65  4.91

Істен шыққан камераларға 54 млн теңге бөлінген

Әзірге Антикор ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оралда 50 қоқыс тастау орнына 100 камера орнатылған. Оған бюджеттен 54 млн теңге бөлінген. 2022 жылы тағы 120 камера орнату жоспарланып отыр, деп жазады orda.kz.

Protenge Telegram-арнасының мәліметінше, жергілікті әкімдік камераларды тұрғындардың сұрауымен орнатқан. Адамдар үлкен көлемдегі қоқыстарды тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне тастағанына жиі шағым түсірген.

«Уральская неделя» басылымы биыл қоқыс орындарына тағы 120 камера орнату жоспарланғанын хабарлады.

Қазіргі таңда 100 камераның тек 6-ауы ғана жұмыс істейді, 94-і биыл жазда қосылуы керек.

Қоқыс жәшіктерінің маңында орнатылған камераларға былтыр ТКШ бөлімі мердігерге 54 млн теңге төлеген.

Әзірге Антикор ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары