Петропавлда полицейлер суицид жасаған 17 жастағы қызға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
30 мамырда сағат таңғы 05:00 шамасында полицияға Жамбыл көшесі бойындағы үйдің 12-қабатынан қыз секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 17 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болған.
Қазір бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы соталды тергеу барысында анықталады.