$ 494.87  520.65  4.91

Блогер Мұрат Әбділданың не себепті сотталып кеткені белгілі болды

Блогер Мұрат Әбділда мас күйінде қазақ руларының біріне тіл тигіземін деп, рулық алауыздықты қоздырғаны үшін өзінің өтелмеген соттылықтарына тағы да мерзім қосып алды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Таңғы бесте Instagram желісіндегі тікелей эфирге шығып, ойланбай сөйлеген блогер Мұрат Әбділда сотталып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап. 

Блогер Мұрат Әбділда мас күйінде қазақ руларының біріне тіл тигіземін деп, рулық алауыздықты қоздырғаны үшін өзінің өтелмеген соттылықтарына тағы да мерзім қосып алды. Ол бұдан бұрын екі рет ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша шартты мерзімдерге сотталған, бірақ бұл жолы сот оны қоғамнан 4 жыл 6 айға оқшаулау туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге оны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

Түркістан облысы Оранғай ауылының 35 жастағы тұрғыны Мұрат Әбділлаев (шын аты-жөні) ақын және әнші ретінде көпшілікке танымал. Әлеуметтік желіде 40 мыңнан астам жазылушысы бар. Сот белгілеген II дәрежелі алкогольге тәуелділігіне қарамастан оның оқырмандар санының өсуі мүлде тоқтаған емес. 

Мұрат Әбділдә бұған дейін де бірнеше рет сотты болған және тура осындай әрекеті үшін тағы да жаза арқалап отыр екен. Атап айтқанда, 2019 жылы Кентау қалалық соты 3 жыл 6 айға бостандығын шектесе, 2021 жылғы 30 шілдеде дәл осы сот үкімімен 4 жылға бостандығы шектелген. Сонымен қатар ол Кентау қаласы қылмыстық атқару инспекциясының бақылауында болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары