$ 494.87  520.65  4.91

Петропавл қаласының әкімі үйқамаққа алынғаны рас па?

Петропавл қаласының әкімдігі облыс орталығының басшысы үйқамақта, сондай-ақ әкім қызметінен босатылды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков үйқамаққа алынды деген  ақпаратты әкімдік жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Болат Жұмабеков қызметінен босатылды» деген қауесет қалада көптен бері айтылып, жақында әкім толықтай үйқамаққа алынды деген ақпарат тараған болатын.

«Петропавл қаласының әкімдігі облыс орталығының басшысы үйқамақта, сондай-ақ әкім қызметінен босатылды деген ақпаратты жоққа шығарады. Қала әкімі Болат Жұмабеков 7 мамыр мен 6 маусым аралығында еңбек демалысында», - деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары