$ 494.87  520.65  4.91

Қолдан жасалған: Павлодарда жеті адамның өмірін алған сұйықтыққа қатысты жаңа ақпарат белгілі болды

Марқұмдарды ажалдан арашалап қалуға барын салған дәрігерлер осылай деп болжап отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда жеті адамның өмірін жалмаған белгісіз сұйықтық қолдан жасалған спирттік ішімдік болуы мүмкін, деп хабарлайды  «КТК» арнасы.

Марқұмдарды ажалдан арашалап қалуға барын салған дәрігерлер осылай деп болжап отыр. Ертіс ауылында болған оқыс оқиғаның жай-жапсары жіті тексеріліп жатыр.  

Қайғылы жағдай 27-сәуірде күні болған. Полицейлердің мәліметінше, бір үйден үш адамның өлі денесі табылған. Оның біреуі 67 жастағы үйдің иесі болса, екіншісі 32-дегі баласы. Ал үшіншісі – зейнеткер. Сол күні тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға түскен. Олардың төртеуі де емдеу мекемесінде  жатып көз жұмды. Қаза тапқандардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Бірақ олардың белгісіз сұйықтық ішкені анықталыпты. Содан кейін бәрінің іш құрылысы істемей, шетінен көз жұмған.

«Ауруханаға жеткізілген азаматтардың спирттік ішімдік ішкені бірден байқалып тұрды. Ащы судан уланған ба деп күдіктеніп, диагнозға сәкес емдом жасалған. Бірақ науқастардың өмірін сақтап қала алмадық», – дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында төрт адам уланып қайтыс болды, тағы екі адам ауыр халде жатыр

Еске сала кетсек, 27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі – 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денесі табылды. Бұдан кейін тағы біреуі ауруханада көз жұмды. Артынша 1974 жылы туған науқас та қаза тапты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары