$ 494.87  520.65  4.91

Балқаш горнизонында офицер жарақат алды

Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Балқаш гарнизонында қаруды қолданудағы қауіпсіздік шарасын бұзған лейтенант офицер жарақат алды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккенге қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде. Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары