$ 448.89  477.93  4.76

«Кешірім бермеймін!»: Лифтіде қорланған әйел тергеу жұмысына көңілі толмайтынын айтты

"Құрсағымда балам барын айтсам да, тұншықтырып, әрекетін тоқтатпады" деген ол күдікті зорлық жасағысы келгеніне сенімді.

Шымкентте лифтіде азғынның қолынан аман қалған әйел күдіктіні кешірмейтінін айтты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

"Үнемі қатты қорқып жүретін болдым. Қатты уайымдаймын. Ол жазалануын қалаймын", - дейді Надежда есімді жәбірленуші. 

"Құрсағымда балам барын айтсам да, тұншықтырып, әрекетін тоқтатпады" деген ол күдікті зорлық жасағысы келгеніне сенімді. Бірақ ол құзырлы орган жүргізіп жатқан тергеу жұмысына күмәнмен қарайды.

"Тергеушілер сараптамаға шақырамыз деген еді. Бірақ одан ешқандай хабар жоқ. Кешірім бер деп туыстары хабарласып жатыр. Бірақ мен кешіре алмаймын, ол мені зорлауға не өлтіруге оқталды. Ол тезірек тиісті жазасын алғанын көргім келеді", - деді жәбірленуші. 

Ал полицейлер күдікті тергеу изоляторында екенін айтады. 22 жастағы жігіт жақында ғана әскерден келген. Ұсталған соң ол әйелді зорлайтын ойым болған жоқ депті.

"Күдікті тұлға жәбірленуші айтқан сөзбен келіспейді. Ол зорлау мақсатында емес, жәбірленушінің қолындағы ұялы телефонды тартып алмақ мақсатта осындай әрекетке барғанын айтты. Дүкеннен шығып келе жатқан жәбірленушіні көрген. Оның қолында телефонды көріп, ашық түрде тартып алмақ болған", - деді Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық бөлім бастығының орынбасары Аянхан Омаров. 

Еске салайық, 25 мамырда Шымкентте ер адам лифтіде балалы әйелге шабуыл жасағанын хабарлаған едік. Желіде тараған видеода күдікті әйелдің аузын жауып, арба ішіндегі пакетті тартып алатынын көруге болады. Бір қолымен әйелдің аузын жауып тұрып, екінші қолымен әлгі пакетті сөмкесіне салады. Осы кезде лифт есігі ашылып, сәбилі әйел қашып шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары