$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жасөспірімді атып өлтірген жігіт 20 жылға сотталды

Шымкентте мамандандырылған қылмыстық сотта 17 жасар бозбаланы өлтіргендерге сот үкімі шығарылды. Шымкенттің тұрғынын өлтірді деген айыппен 5 жас жігіт ұсталып, сотқа тартылған, деп хабарлайды Отырар телеаранасы.

Солардың бірі — 19 жастағы Шыңғыс Биболовқа қасақана адам өлтірді және қаруды заңсыз сақтады деген айып тағылса, қалған 4 жігіт жасалған қылмыс жайлы айтпағандары үшін жауапқа тартылған.
Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында жас жігітті белгісіз біреулер атып кетіп, соның салдарынан жарақат алған жігіт мерт болған еді.

Осы іске қатысты үш айыпталушыны сот кісі өлтіру қылмысын жасырып қалғандары үшін 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал басты айыпталушы — оқ атқан жігіт 20 жылға түрмеге қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары