$ 494.87  520.65  4.91

Артаевтың ісі абыроймен жабылды

Бақтияр Артаевқа қатысты даулы іс жабылды. Бұл туралы Massaget.kz Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбековаға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің жетекшісі толық ақпаратты алдағы уақытта беретіндігін айтты.

Айта кетелік, «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдрайымов та бұған дейін өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Бақтияр Артаевқа қатысты істің әділдікпен шешілгенін жазған.

«Ал, Бәке досым ақ жол!!! Елдi шулатқан жала әдiлдiкпен шешiлгенiне қуаныштымын! Ендi жолыңызда еш бөгет болмасын. Лондондағы оқуды ойдағыдай оқып келiп, Қазақ елiне қызметiңiздi қайта жалғастыруды Жаратқан нәсiп етсiн!!! Көрiскенше күн жақсы. Ұзақ сапар сәттi болғай! Бiр жарым жылыңыз - бiр жарым күндей боп өте шықсын. Шығарып салып тұрған сәт. 31.07.14», деп жазба қалдырды әнші.

Еске сала кетсек, Бақтияр Артаев Астана полициясы қозғаған қылмыстық істің фигуранты атанған болатын. Астана қалалық ішкі істер департаментіне қала тұрғыны Айсұлу Ыбрашева шағым түсіріп, 29 маусымға қараған түні Артаевтың мұны бетінен ұрғанын айтқан. Оқиға болған көңіл көтеру орнының күзетшілері қыздың айтқандарын жоққа шығарды. Олар Артаевтың қызды ұрғанын көрмеген. Кейін Артаевтың өзі қарсы мәлімдеме жасап, Айсұлудың мұны ішінен тепкенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары