$ 446.49  475.38  4.79

Болат Назарбаевтың қайда екені белгілі болды

Оның жағдайы ауыр, ол үнемі бақылауда.

Telegram-арналардың бірі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев Алматыда екенін хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, Болат Назарбаев оңтүстік астанадағы үйінде. Оның жағдайы ауыр, ол үнемі бақылауда.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың сөйлей алмайтындығы, ауыр хәлде екені хабарланған.

Еске салсақ, 27 сәуірде Болат Назарбаевтың Түркияда емделіп жатқаны белгілі болған. Оның диагнозы нақтыланбады. Ол Алматыға екі апта бұрын келген деген болжам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары