$ 494.87  520.65  4.91

Бозымбаев Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Әзірше нақты бір саяси шешім жасалған жоқ.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ұйғыр ауданының халқымен кездесіп, тұрғындардың сауалына жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұйғыр ауданының атауын ауыстыру туралы сауалға берген жауабында Алматы облысының әкімі өткен жылдың желтоқсан айында болған тұрғындармен кездесуінде ақсақалдар осы мәселені көтергенін, ауданның төл тарихи атауын анықтау үшін ғалымдардың да бұл іске қосылуын сұрағанын айтты. Соған байланысты Тіл және Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институттары жасаған сараптама тиісті мемлекеттік органға ұсынылғанын жеткізді. Әзірше нақты бір саяси шешім жасалған жоқ. Дегенмен қазір алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары