$ 494.87  520.65  4.91

Елорда маңында ер адам ұлымен төбелескен баланы аяусыз соққыға жыққан

Ол аз дегендей, желкелей ұстап, баланың басын асфальтқа ұрғылаған. Елорда маңындағы Қосшы қаласында ер адам 9 жастағы баланы аяусыз ұрып, басын асфальтқа соққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желілерде шыққан хабарламадан белгілі болғандай, 9 жастағы екі бала ауладағы балалар алаңқайында жанжалдасып қалады. Оны көрген балалардың бірінің әкесі екінші баланың жанына жетіп келіп, бас салып ұрып-соға бастаған. «Ашуға булыққан 40 жастағы ер адам балаға жұдырық ала жүгірді. Ол аз дегендей, желкелей ұстап, баланың басын асфальтқа ұрғылаған. Баланың көгермеген жері жоқ, соққыдан тістері түсіп, жағынан қан кетті, көзінің алдында үлкен ісік пайда болды. Ал оны соққыға жыққан әлгі адам сол күйі қамауға алынған жоқ», - делінген жазбада. Жазба авторы кішкентай баланы қатыгездікпен ұрып-соққан ер адамның заң жүзінде барынша қатаң жазаға тартылып, зардап шеккен баланың емін толық төлеп беруін талап етеді. «Өркениетті қоғамда балаға қол көтеретін мұндай адамдардың еркін жүруіне жоқ бермеу керек. Егер ол бүгін жазасыз қалар болса, ертең өзгелерді өлтірмесіне кім кепіл?», - деп автор Ішкі істер министрлігінен шұғыл шара қабылдауды сұрайды. Желі қолданушылары бұл сұмдық жайтқа қатысты пікір білдіріп, кінәліні қатаң жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Елорда маңындағы Қосшы қаласында ер адам 9 жастағы баланы аяусыз ұрып, басын асфальтқа соққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде шыққан хабарламадан белгілі болғандай, 9 жастағы екі бала ауладағы балалар алаңқайында жанжалдасып қалады. Оны көрген балалардың бірінің әкесі екінші баланың жанына жетіп келіп, бас салып ұрып-соға бастаған.

«Ашуға булыққан 40 жастағы ер адам балаға жұдырық ала жүгірді. Ол аз дегендей, желкелей ұстап, баланың басын асфальтқа ұрғылаған. Баланың көгермеген жері жоқ, соққыдан тістері түсіп, жағынан қан кетті, көзінің алдында үлкен ісік пайда болды. Ал оны соққыға жыққан әлгі адам сол күйі қамауға алынған жоқ», - делінген жазбада.

Жазба авторы кішкентай баланы қатыгездікпен ұрып-соққан ер адамның заң жүзінде барынша қатаң жазаға тартылып, зардап шеккен баланың емін толық төлеп беруін талап етеді.

«Өркениетті қоғамда балаға қол көтеретін мұндай адамдардың еркін жүруіне жоқ бермеу керек. Егер ол бүгін жазасыз қалар болса, ертең өзгелерді өлтірмесіне кім кепіл?», - деп автор Ішкі істер министрлігінен шұғыл шара қабылдауды сұрайды.

Желі қолданушылары бұл сұмдық жайтқа қатысты пікір білдіріп, кінәліні қатаң жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары