$ 449.76  483  5.05

Ақтөбеде төрт жоғары оқу орнының ғимаратына «бомба қойылған»

Хат бүгін сағат 12:30 шамасында жолданған.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің электронды поштасына жоғары оқу орындарының ғимараттарына бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
 
Ресми мәліметке сәйкес, хат бүгін сағат 12:30 шамасында жолданған. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Олар барлық ғимаратты тінтіп шықты.
 
"М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары және жұмысшылар қауіпсіз жерге шығарылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - дейді полицейлер.
 
Қазіргі кезде анонимді хабарламаның авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар басталды. Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша іс қозғалды. Бұл бапта бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары