$ 540  630.72  6.72

Алматыда жүкті әйел ауруханада көз жұмды

Облыстың дәрігерлері арнайы консилиум жүргізді. Бірақ, өкінішке қарай науқас көз жұмды.

Алматы облысындағы Сарыөзектегі ауруханада жүкті әйел көз жұмды. 1988 жылғы әйел жүктіліктің 18-ші аптасында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 мамыр күні 1988 жылғы әйел Кербұлақ аудандық ауруханасына ауыр жағдайда түсті. Барлық тиісті ем-дом шаралары қолданылды. Бірақ, науқастың жағдайы күннен күнге нашарлай берді. Облыстың дәрігерлері арнайы консилиум жүргізді. Бірақ, өкінішке қарай науқас көз жұмды», - делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ауруханаға түскеннен кейін бір күн өткен соң яғни, 23 мамыр күні науқас түсік тастаған.

«Науқастың мүрдесі арнайы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы шыққан кезде тиісті шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті кезектен тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Оған тәуелсіз сарапшылар қатысатын болады», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1988 жылғы әйелдің өліміне нақты не себеп болғанын арнайы сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққанда белгілі болатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары