$ 444.22  476.38  4.82

Орал шенеуніктері пәтерлерді заңсыз беріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтарды есептен негізсіз шығарудың 200-ге жуық фактісі анықталды: бұл жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар.

Оралда шенеуніктер пәтерлерді заңсыз беріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған. Мұны Антикор растады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметінше, кезекте тұрған 189 адам тізімнен шығып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Антикор пәтерлерді заңсыз берудің 247 фактісін анықтады. Тағы 169 пәтер кезектен тыс берілген, 189 мұқтаж адам тізімнен шығарылған.

"Жеке меншігінде тұрғын үйі бар, бірақ, тізімге іліккен 1000-нан астам адам анықталды. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтарды есептен негізсіз шығарудың 200-ге жуық фактісі анықталды: бұл жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар", – деді БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Әлия Денизбаева.

Телеарна мәліметінше, кезектен тыс тұрғын үй алған 169 адамның кім екені белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары