$ 445.66  474.58  4.78

«Қазақ қоғамы боксерді қоразға теңегенін қалаймын» - Ахметбек Нұрсила

Осыған барша саналы қазақ үлес қосса деймін.

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әншілерді - шегіртке, боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды - қораз, шоумен, әзілкештерге - маймыл образымен байланыстыруға кеңес берді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен қазақ қоғамының:
-әншілерді - шегіртке,
-боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды - қораз,
-шоумен, юмористтерді - маймыл образымен байланыстырып, ассоциация жасап тастағанын қалаймын.

Сол кезде, бала әнші боламын десе, “шегіртке” боласың ба дейтіндей, боксер болам десе “қораз” сияқты ел алдына шығып төбелеспексің бе, юморист болам десе, онда “маймыл” болғаның ғой деп айтқызғым келеді.

Сонда ғана осы мамандықтардың осылай деңгейін түсіріп тастасақ, қазақ балалары ғылым-біліммен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен айналысып, еліміз көркейе түсер еді. Осыған барша саналы қазақ үлес қосса деймін", -деді  Ахметбек Нұрсила.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары