$ 494.87  520.65  4.91

Балқаш гарнизонында әріптесін жаралаған әскери қызметкер ұсталды

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Балқаш гарнизонында әскери қызметкердің жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ҚР ІІМ Орталық өңірлік ҚК Қарағанды бөлімінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды», делінген Бас әскери прокуратура хабарламасында. 

Қорғаныс министрлігі 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметшісіне операция жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалады.

«Әскери қызметкерді жарақаттаған адам оның әріптесі болып шықты. Ол 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласының УҰИ-не қамалды», деп қосты Бас әскери прокуратура.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Айта кетсек, төтенше жағдай қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары