Талдықорғанда 18 жастағы қыз өз туысының зейнетақы жинағын ұрлаған. Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше ол осындай жолмен несиесін жаппақ болған.
«Бойжеткен 77 жастағы зейнеткер әйелдің 3,5 млн теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Полиция 1,7 млн теңгені тауып, заңды иесіне қайтарды. Ал қалған соманы қыз өз қажетіне жұмсап, банктегі кредитін өтеген. Күдікті қарт әйелдің туысқаны екені анықталды. Соңғы екі ай бойы ол зейнеткердің пәтерінде тұрған», – делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы «Ірі мөлшердегі ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.