Жаңалықтар 02.06.2022 сағат 17:20

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы берілетіні айтылған, анонимділікке кепілдік берілген.
«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-тың бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры, 31.01.1976 жылы туған Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады.

Азамат Ибулла Серді адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы берілетіні айтылған, анонимділікке кепілдік берілген.

ҚМА мәліметі бойынша, іздеудегі адамды анықтау немесе сол болуы мүмкін екені туралы ақпаратты агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарлауға болады.
 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар