02.06.2022, 18:00

Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлермен төбелесті (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған.

КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетуге тырысқан. Содан кейін полицейлерге шабуыл жасаған, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Сондай-ақ, жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысып, тәртіп сақшыларына күш көрсеткен», - деп хабарлады елордалық

Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот шешімімен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге тарады.