$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты

Бүгін Ақтөбе қаласында жол-көлік апаты болып, жүк көлігі мен №21 және №45 бағыттағы автобустар соқтығысты.

Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты. Жараланған жолаушыларды дәрігерлер қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ақтөбе қаласында жол-көлік апаты болып, жүк көлігі мен №21 және №45 бағыттағы автобустар соқтығысты.

«Самара-Шымкент тасжолында «Хово« маркалы жүк көлігі жылдамдықты бәсеңдетпей, №21 бағыттағы автобусқа соқтығысты. Сол кезде автобуста 45 жолаушы болған. №21 бағыттағы автобус қозғалып, ол №45 бағыттағы автобусқа соқтықты. Онда 33 жолаушы болған. Жол-көлік апатынан кейін жеті жолаушы түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына түсті», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе