Электрик сүйіктісімен жасырын кездесу үшін ауылда үздіксіз электр жарығын өшіріп тұрған. Ауыл тұрғындары жарықтың өшу себебін анықтау үшін жоспар құрып, жұптардың кездесуінің үстінен түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бихардың шығысындағы Ганешпур ауылының тұрғындары бірнеше апта бойы электр қуатының жиі үзіліп жатқанына шағымданған. Күнде күн батқаннан кейін белгілі бір уақытта ауылдағы жарық екі-үш сағатқа сөндіріліп тұрған. Бұл ретте энергетикалық компаниядан ешқандай техникалық ақаулар туралы хабарлама келмеген. Кейін ауыл тұрғындары электр жарығын біреу әдейі өшіріп жатыр деп күдіктене бастаған.
Қылмыскерді ұстау үшін ауыл тұрғындары полицеймен жоспар құрып, ұйымдасқан. Ақыры олар мектеп ауласынан екі ғашықтың кездесуінің үстінен түсті. Олардың бірі электрик болып шықты.
Куәгерлердің айтуынша ауылдастары ғашық болған электрикті соққыға жыққан. Ер адам ауылдастарына сүйіктісін көру үшін электр қуатын өшіргенін мойындады. Ауыл ақсақалдары ақылдаса келе жұптың арасын заңдастыруға рұқсат берді.
Полицейлер электриктің үстінен ешқандай шағым түспегенін айтты.