Жаңалықтар 04.06.2022 сағат 03:00

Қарағандыда 10 жасар баланың үстіне электр бағаны құлап кетті

Оқиға 3 маусымда сағат 12:35-те болған.
Қарағандыда 10 жасар баланың үстіне электр бағаны құлап кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағандыда саябақта велосипедпен кетіп бара жатқанда 10 жасар баланың үстіне электр бағаны құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 3 маусымда сағат 12:35-те болған. 

"Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіні полиция тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Балаға "жабық бас сүйек-ми жарақаты", "мидың шайқалуы", "төбесінде ісу, көгеру түріндегі жарақат" диагнозы қойылды. Бала амбулаториялық емделу үшін үйіне босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар