Жалғас Жұмағұлов (14-6) UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізді. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 207 турнирінде өнер көрсеткен болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның қарсыласы американдық файтер Джефф Молина (10-2) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған және төрешілердің шешімімен қарсыластын жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Джефф Молина аралас жекпе-жекте өзінің кәсіби мансабында он бірінші жеңісіне жетті, ал Жалғас Жұмағұлов жетінші жеңіліске ұшырады. 33 жастағы қазақстандық үшін бұл жеңіліс UFC-де төртінші болды (ол ірі промоушенде бір ғана жеңіске жетті).