Сауд Арабиясы өзінің флагмандық араб мұнайын Азияға сатудың ресми бағасын (OSP) көтерді, іле-шала әлемдік мұнай бағасы шарықтады, деп хабарлайды Reuters.
Дүйсенбі күнгі сауда-саттық басталғанда Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 121,52 долларға дейін өсті. Өсім 1,5% құрады. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері үш айлық максимумға жеткеннен кейін 1,4 пайызға, барреліне 120,50 долларға дейін өсті.
Сауд Арабиясы өзінің флагмандық араб мұнайын Азияға сатудың ресми бағасын (OSP) Оман мен Дубайдағы орташа көрсеткіштен 6,50 долларға көтерді. Маусым айында үстеме 4,40 доллар болды, деп хабарлады Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы.
Басылымның жазуынша, шілде-тамыз айларында өндірісті күніне 648 мың баррельге немесе бұрын жоспарланғаннан 50%-ға арттыру туралы ОПЕК+ шешіміне қарамастан Сауд Арабиясы осындай қадамға барып отыр.