$ 494.87  520.65  4.91

Жәшікке артық бюллетеньдер салынған: Алматыда комиссия мүшелері міндеттерінен шеттетілді

Дегенмен, мұндағы комиссия мүшелері бұл деректі жоққа шығарып отыр.

5 маусымда желіде жәшікке артық бюллетеньдер салынуы мүмкін деген видео тараған еді. Алматыдағы учаскелердің бірінде болған жағдайға байланысты аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова түсініктеме берді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Дауыс беру учаскесінде болған оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін комиссия мүшелері міндеттерінен шеттетілген. Бюллетеньдер заңсыз салынды деген жәшікті мөрлеп, есептен алып тастаған. Одан кейінгі дауыс берушілердің бюллетеньдері жаңа жәшікке тасталған.

Дегенмен, мұндағы комиссия мүшелері бұл деректі жоққа шығарып отыр. Сондықтан нақты шешімді құқық қорғау органдары мен Орталық референдум комиссиясы қабылдайды. 

“Дауыс берудің нәтижесі одан әрі қарай жәшіктің ішіне салынған бюллетеньдермен саналатын болады. Нәтиже де сонымен шығады. Ал қалған шешімді әрі қарай, қорытынды шешімді Орталық референдум комиссиясы шешеді. Бүкіл құжаттар, бүкіл деректер Орталық референдум комиссиясына жіберілетін болады. Міндетті түрде қорытындыланғаннан кейін, шешім шыққаннан кейін алдарыңызға шығып айтып береміз”, – деді аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.

Айта кетейік, Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 79,4 пайызы Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгертулерді қолдап дауыс берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары