Атырау облысында полицейлер терезе алдында тұрған және терезеге қараған екі баланы (екі және үш жас) құтқарды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ведомство 5 маусымда сағат 19:00 шамасында полицияға хабарлама түскенін айтты.
Мақат аудандық бөлімінің қызметкерлері Тойғожа Азбергенов, Ренат Исемғалиев, Аслан Мұсаев және Мақат ауданының тұрғыны Қайрат екінші қабаттың терезесіне көтеріліп, балаларды қауіпсіз жерге шығарған.
Пәтер ішінде 2 бүлдіршін жалғыз болған. Ювеналды полиция инспекторлары 1997ж.т., ата-анасының жұмыста болғанын анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді .