$ 494.87  520.65  4.91

Елге газ жетпей жатқанда ТШО экспортта арттыруды көздеп отыр

«QazaqGaz» басшысы Санжар Жаркешов «Теңізшевройл» компаниясымен өзара түсіністік жоқтығын мәлімдеді.

QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов Теңізшевройл компаниясымен өзара түсіністік жоқтығын мәлімдеді. Оның айтуынша, елге газ жетпей жатса, ол компания экспортты арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«2022-2030 жылдар аралығында ресусртық базаны кеңейту бағытындағы кейінге қалдырмайтын шаруалар жайлы айтар болсақ: біріншіден, 2022 жылы қолжетімді ресурс 25,6 млрд текше метрге тең. Оған ТШО өндіретін мөлшерді қосуға болады. Ол мөлшердің 1,7 млрд текше метрі экспорттан ішкі нарыққа жөнелтілуі тиіс. Әзірге ТШО-мен өзара түсіністік жоқ. Олар экспортқа ғана қызығып отыр. Елдің өзі ішкі нарықты қосымша газға тәуелді болып отырса, ТШО экспорттан пайда тапқысы келеді», - деді Санжар Жаркешов мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, 2023 жылы Ұрықтау, Придорожное, Рожковское жерінде қосымша 200 млн м3 көлеміне кен орындары пайда болды. Ол кен орындарында 2027 жылға дейін газ өндіру көлемі 1,7 млрд м3 дейін жетуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары