$ 494.87  520.65  4.91

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

2022 жылдың 31 мамырында Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзарды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шұғыл-тергеу тобы К.К.Мәсімов, А.Т.Садықұлов, Д.Е.Ерғожин және өзге де тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

2022 жылдың 31 мамырында Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін, Ерғожинді 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін ұзартылды», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары