$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысының тұрғыны туған інісін пышақтап өлтірген

Ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, інісін өлтіріп тастаған.

Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz.

Полициялер марқұмның Ақтөбе облысының тумасы екенін, ағасының үйіне қонаққа келгенін анықтады.

Ресми мәліметке сәйкес, 41 жастағы ер адамды 52 жастағы ағасы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

«52 жастағы ер адам марқұмның ағасы болып шықты. Ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, інісін өлтіріп тастаған. Күдікті қазір қамауға алынды. Аталған дерек бойынша барлық сараптама тағайындалды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша жүріп жатыр», –делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары