$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

2022 жылғы сәуірде ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілі Қазақстанда алаяқтық жиілеп кеткенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын әлеуметтік желілердегі 30-ға жуық жазба мен хабарламаны анықтады. Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді. Клиент оларға қоңырау шалған кезде, құжат үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Кейін бір ай ішінде беруге уәде береді. Ал төлем жасалғаннан кейін жасырынып қалып, телефондарын өшіріп тастайды", - делінген хабарламада.

2022 жылғы сәуірде ІІМ-не жүргізуші куәлігін алуға заңсыз жәрдемдескен 12 дерек бойынша ақпарат берілген.

"Азаматтарға арналған үкімет" өкілі жүргізуші куәлігін арнайы емтиханнан өту арқылы ғана алуға болатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#алаяқтық #заң