Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум қорытындысын жариялады.
ОСК мәліметінше, сайлау құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға дауыс берушілердің 68,05 пайызы қатысты.
Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға енгізлетін түзетулерді қолдап дауыс берген. Түзетулерге қарсы болғандар - 18,66 пайыз (1 490 470 адам). Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылған. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынған жоқ.
"Бұл еліміздің негізгі заңына (Конституцияға – авт.сек.) енгізілген түзетулер қабылданды деп танылды деген сөз", - деді ОСК өкілі.
Дереккөз: tengrinews.kz