$ 446.49  475.38  4.79

«Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу»: Аймағамбетов қандай шешім қабылданғанын айтты

Министрдің сөзінше, ведомствоны екіге бөлу туралы шешім қабылданып қойған.

Президенттің Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысына қатысты қандай шешім қабылданады? Бұл сауалға Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, ведомствоны екіге бөлу туралы шешім қабылданып қойған.

"Шешім бар, айтылды, тиісті түрде қабылданды. Енді осы шешімнің орындалуын ойластыру керек. Білім беру жүйесі осыдан пайда көруі керек. Сол себепті қазір жұмыс істейміз және жұмыс істеп жатырмыз.Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін заңнама бар (министрлікті бөлу процесі туралы). Бұл ретте үкімет деңгейінде және ел басшылығы деңгейінде министрліктерді құрудың нақты жобасы туралы шешім қабылданады. Сондықтан тиісті деңгейде шешім қабылданып, мұның бәрі одан әрі жұртшылық назарына жеткізіледі деп ойлаймын", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары