$ 498.34  519.72  4.85

Суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған полицейге қолшам сыйға тартылды

Алайда мекеме өкілдері бұл департаменттің ресми сыйлығы емес екенін айтады.

БҚО-да суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған полицияның кіші сержанты Ержан Қуанышев алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 30 мамыр күні Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында болған. Полиция қызметкері ауыл маңындағы тоғаннан 7 және 8 жастағы екі баланы құтқарып қалды.

Департамент өкілдері құтқарушыға x-balog жарықдиодты тактикалық шамын сыйға берген.

Бұл сыйлық желі қолданушыларын наразылығын тудырды. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Бұл департаменттің ресми сыйлығы емес. Қазіргі таңда уәкілетті органға (ТЖМ) Ержан Қуанышевті ведомстволық наградамен марапаттау үшін материалдарды жіберді»,– деді ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары