$ 494.87  520.65  4.91

«Әлі сол ауылдың қара баласымын»: 3 жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың өмірі қалай өзгерді?

Ол өзіне сыйға тартылған пәтеріне жөндеу жұмыстарын құрылыс компаниясының серіктестері жүргізіп жатқанын жеткізді. Ал қоныс той тамыз айына жоспарланып отыр екен.

Осыдан бір ай бұрын 8 қабаттың терезесінен салбырап тұрған 3 жасар қызды құтқарып қалған қызылордалық жігіт сол оқиғадан соң өмірі қалай өзгергені туралы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәбит Шонтақбаев Референдумға байланысты отандық телевизияда ұйымдастырылған тікелей эфирде қонақта болды. Тележүргізушілер Нартай Аралбайұлы мен Динара Сәтжан Сәбиттен өміріндегі соңғы өзгерістер жайында сұрап білді. 

«Айналам өзгергенімен, ішкі жан-дүнием сол күйі, ауылдан шыққан қара домалақ баламын»,- дейді Сәбит.

Осы ретте ол өзіне сыйға тартылған пәтеріне жөндеу жұмыстарын құрылыс компаниясының серіктестері жүргізіп жатқанын жеткізді. Ал қоныс той тамыз айына жоспарланып отыр екен.

Бұған дейінгі сұхбаттарында Сәбит өзі құтқарған бүлдіршіннің анасымен әлі таныспағанын айтқан еді. Осы жолы ол өзі құтқарған бүлдіршіннің үйінде қонақта болғанын жеткізді. "Сол оқиғадан кейін қыздың анасы үйінде құран оқытты. Сонда дәмдес, дастархандас болдық. 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне орай ойыншықтарымды алып кішкентай бүлдіршінге барып, хәл-жағдайын біліп қайттым", - деді Сәбит.

Айта кетейік, Сәбит Шонтақбаев бұған дейін де адам өміріне араша болған еді. Тікелей эфирде батыр жігіт сол оқиғаны да баяндап берді. 

«2009 жылы Сырдария өзенінің жағалауында суға түсіп жүріп, қыз баланың ағып кетіп бара жатқанын көрдім. Мен оның алдынан күтіп алдым. Өзеннен шашынан ұстап алып шықтым. Өйткені шашынан ұстамасаң өзен өзіңді батырып жібереді. Ол кезде қыз 10 сынып оқитын. Маған рахметін айтты. Кетіп қалдық. Ол кезде желілер дамымаған кез, Instagram болған жоқ», - деп еске алды Сәбит болған оқиғаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары