Ақтаулық құтқарушылар теңізге батып кеткен 18 жастағы студенттің денесін тапты. Ол теңізде сүңгіген видеосын Желіде жарияламақ болған, - деп хабарлайды Lada.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ақтаулық жігіттің теңізге секіргенін байқауға болады.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, суға батып кеткен жігіт өлі табылған. 8 мусымда сағат 7:33 шамасында сүңгуірлер 2004 жылы туған студенттің денесін алты метр тереңдіктен алып шыққан.
Еске салайық, 7 маусымда Ақтауда Бейнеу ауданының тумасы, қаладағы колледждердің бірінде 1-курс оқитын студент теңізге батып кеткені хабарланған болатын.
Тағы да оқыңыз: 18 жастағы студент TikTok түсіремін деп Каспий теңізіне батып кетті