Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық ресурстарды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Жарлығының толық мәтіні жарияланды.
Тоқаев елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құруға бұйрық берді.
Комиссия құрамына:
Ведомствоаралық комиссия бір апта ішінде ведомствоаралық комиссия туралы ереженің жобасын Президенттің қарауына өткізуі керек. Сондай-ақ, комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы баяндайтын болады.
Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.