$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбе облысында депутат мас күйде көлік жүргізіп мандатынан айырылды

Сот оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, мас күйінде көлік жүргізгені дәлелденді деп шешкен.

Ақтөбеде депутат мас күйде көлік айдаған. Ол 15 күн қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Диапазон. 

20 мамырда полицейлер Қарғалы ауданы Қайдауыл батыр көшесінде Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали тізгіндеген Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Кейін депутат медициналық тексерістен өткен. Онда оның мас болғаны анықталып, іс сотқа жіберілген.

Депутаттың өзі мас күйінде көлік айдағанын мойындамай, тексеріс нәтижесімен келіспеген. Сонымен қатар, қайта тексерістен өтуге құқығы бар екені түсіндірілмегенін айтқан.

Сот оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, мас күйінде көлік жүргізгені дәлелденді деп шешкен. Нәтижесінде ол 15 тәулікке әкімшілік жазаға тартылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Басылым мәліметінше, Ербол Қасымғали болған оқиғадан кейін депутаттық мандатын тапсырған.

"Ербол Қасымғали депутаттық өкілеттігін тоқтатты", - деді аумақтық сайлау комиссиясы өкілі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының сайтында Ербол Қасымғали "Ойл Гео Контракт" ЖШС бас директоры болып жұмыс істейтіні көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары