29 маусым Джакартадағы 2022 жылғы 29 маусымда Джакартадағы «Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында»  Дмаш Құдайберген мен Қазақстан туралы «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтеді.

Көрменің бірінші күнінде Димаштың концерті көрсетіледі. Ал көрмеде Қазақстан табиғатының фотосы, сонымен қатар жергілікті Индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады.

2022 жылғы 29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара барлық ниет білдірушілер үшін тегін және ашық. Толық ақпаратты мына жерден таба аласыз: https://www.instagram.com/dimash_indonesia/

https://dimashnews.com/indoneziiada-qazaqstan-men-dimashqa-ar/