09.06.2022, 10:00

Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылым мәліметінше, жол апаты 8 маусымда сағат 18:30 шамасында болған. Жәңгір хан көшесі мен Исатай мен Махамбет ескерткішінің арасында №7 бағыттағы автобус пен "Лада Калина" көлігі соқтығысқан. Оқиға орнында бір адам қайтыс болды. 

Автобуста зардап шеккендер бар-жоғы әзірге белгісіз. 

"Кеше сағат 18:20 шамасында жолаушылар автобусы мен "Лада Калина" көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеріс жүргізіліп жатыр",  - делінген хабарламада.